Turkic Studies Journal (Mar 2024)

Тасмола мәдениетінің Балықты көлі маңындағы жауынгерлік қорымы

  • Daniyar Duysenbay,
  • Aybar Kasenali ,
  • Zhasulan Ukeyev,
  • Ulan Umitkaliyev,
  • Perdekhan Mussyrmankul

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-1-23-39
Journal volume & issue
Vol. 6, no. 1

Abstract

Read online

Мақалада 2022 жылы Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Балықты көлінің маңында орналасқан Балықты қорымына жүргізілген қазба және пәнаралық зерттеу жұмыстарының қорытындылары берілген. Қорым диаметрлері 5-7 м болатын қатардағы үйінділерден тұрады. Ескерткіш биіктеу дөңнің үстінде орналасқан. Қазба жұмыстары жүргізілген №1 обадан 20-дан астам қоладан бұйымдар табылды. Ат әбзелдер жиынтығы мен жебе ұштары, тас қайрақ, сүйек біздің жоғары деңгейде әзірленіп, «аң стилі» негізінде жасалған. Табылған жәдігерлер бойынша ескерткіш тасмола мәдениетіне тән «жауынгер» жерлеу орны ретінде қарастырылды. Қазба жұмыстарынан бөлек, цифрлық өңдеу жұмыстары бойынша ескерткіштің ортофотожоспары мен топотүсірілімдері атқарылды. Антропологиялық талдаулар бойынша 45-50 жас шамасындағы ер адам жерленген. Хронологиялық мерзімі жағынан радий көміртекті талдаулар нәтижесі бойынша б.з.д. 6-5 ғғ. мерзімделеді. Тас қайраққа минералогиялық талдау жасалып, шикізаттың тау жынысы анықталды. Аймақтағы басқа да шағын жерлеу орындарының құрылыстары және олардан табылған заттар бойынша салыстырмалы талдаулар жасалды. Заттық материалдар мен пәнаралық зерттеулер қорытындысы негізінде қорым Тасмола мәдениетінің солтүстік бөлігін мекен еткен тайпа өкілінің жерлеу орны деген тұжырым жасалды. Жерлеу орнының Солтүстік Сарыарқадағы «жауынгер» жерлеу орындарын зерттеудегі маңызы ерекше. Элитарлы жерлеу ескерткіштерін ғана емес, шағын обаларды зерттеу арқылы жауынгер, қарапайым тұрғындардың заттық кешендері мен ғұрыптық мәселелері бойынша толыққанды ғылыми нәтижелерді алуға болады.

Keywords