Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Ақпараттық соғыстың геосаяси аспектісі

  • Z. Bayzhumakyzy

Journal volume & issue
Vol. 72, no. 4

Abstract

Read online

Тақырыптың өзектілігі постиндустриалдық қоғамдағы ақпараттың рөлінің артуымен айқындалады. Аталмыш қоғамда, географиялық кеңістікпен қатар ақпараттық кеңістік қалыптасып отыр, әлемдік саясаттың дәстүрлі акторлары жаңа киберкеңістікте геосаяси күрес жүргізуде. Қазіргі кездегі ақпараттық құрылымдар жаңа идеялардың, идеологиялық қондырғылардың, мәдени стереотиптердің қайнар көздері бола отыра, жаңа қару түріне айналды. Осы орайда ақпараттық соғыстың геосяси астарына, мәніне талдау жасау маңызды болып табылады. Мақалада ақпараттық соғыс түсінігі айқындалып, ақпараттық соғыс бойынша тұжырымдамалардың қалыптасуының негізгі алғышарттары қарастырылады. Геосаяси субъектілердің ақпараттық күресінің, халықаралық қатынастар жүйесіне және әлемнің геосаяси құрылымына ықпалы зерделенеді. ХХ ғ. 90 жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі осы саладағы теориялардың негізгі бағыттары және олардың өзгерісі анықталады.

Keywords