Хабаршысы. Экономика сериясы (Feb 2015)

Қазақстан Респуб-дағы нәтижеге бағдарланған басқарудың элементі ретіндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жолдары.Пути повышения эффективности государственных программ как элемента управления по результатам в Республике Казахстан.

  • A. A. Mussatayeva

Journal volume & issue
Vol. 101, no. 1

Abstract

Read online

Мақала Қазақстан Республикасындағы нәтижеге бағдарланған басқарудың элементі ретіндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жолдарын зерттеуге арналған. Дәлірек айтсақ, 2007 жылы қабылданған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес бюджет жүйесі мен мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізілген өзгерістер еліміздегі бюджеттеу процесін өзгертіп, мемлекеттік шығыстарды оңтайландырып, қабылданатын бағдарламалардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Оның негізі болып нәтижеге бағдарланған бюджеттеу табылады. Сонымен қатар 2007 жылы аталмыш жаңа жүйенің қабылдануынан кейін 2010 жылы мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлардың тиімділігін арттырып, оларды бақылау мен бағалау процестерін оңтайландыру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бағалау ережесі қабылданды. Соның нәтижесінде бағдарламалар санының қысқартылу процесі жүзеге асырылып, тек маңызды және басымдылары ғана қалдырылуда. Олардың орнына мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспар-лары енгізілген болатын. Осы айтылғандардың барлығы еліміздегі жалпы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Статья посвящена исследованию путей повышения эффективности государственных программ как элемента управления по результатам в Республике Казахстан. В частности, в соответствии с новой системой государ- ственного планирования, принятой в 2007 году, изменения произошли в части бюджетного процесса, оптими- зирования государственных расходов, которые были направлены на повышение эффективности разрабатыва- емых программ. Целью, произошедших изменений является работа государственных органов в направлении бюджетирования, ориентированного на результат. Установлено, что в следствии принятия новой системы в 2010 году с целью повышения эффективности государственных программ и стратегических планов, оптими- зации процессов, их контроля и оценки были приняты правила оценки государственных программ и стратеги- ческих планов. В результате этого наблюдается процесс сокращения количества программ и стратегических планов, разрабатываемых государственными органами. Таким образом, вышесказанное дает возможность по- высить эффективность государственного управления в Республике Казахстан.

Keywords