Arts Academy (Mar 2023)

ЗАМАНАУИ «ҚЫЗ ЖІБЕК» ҚОЙЫЛЫМЫНДАҒЫ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

  • Р. Бақытбек

DOI
https://doi.org/10.56032/2523-4684.2023.1.5.60
Journal volume & issue
Vol. 5, no. 1
pp. 60 – 75

Abstract

Read online

Театрды дамытатын әуелі ол – көрерменнің ықыласын қанағаттандыратын қойылымдар. Театр репертуарынан нық орын алған шығармалардың негізгі міндеті – халыққа терең әсер беріп, тағылымды ой қалдыру. Жақсылыққа, адалдыққа шақырып, жамандықтан жирендіру. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік, тұрмыстық яғни ғаламдық мәселелерді аямай сынап, ізгілікті насихаттау. Мақалада Астана қаласы театрларының, соның ішінде Жастар театрының репертуары қарастырылды. Осы орайда, біршама уақыт халық назарынан тыс қалып қойған классикалық шығармаларды сүзгіден өткізіп, жаңаша нұсқада халық назарына ұсыныла бастауын атап өтсек болады. Әр кезең мен заманның өз өзекті мәселелері болады. Бүгінгі физикалық театр формаларының Қазақстан синтездік өнер кеңістігінде орындалуы қазіргі заманғы сахналық үлгілерінің қазақстандық синтездік өнер саласында кеңінен орындалуын режиссер Н.Жақыпбайдың жетекшілігімен қойылған «Жібек» мюзиклімен мәнін ашуға тырыстық.

Keywords