Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Dec 2022)

«Дастӯр ал-‘илāж» медициналық трактатының орфографиялық және фонетикалық ерекшеліктері

  • Z. Shadkam,
  • O.O. Tuyakbayev,
  • U. Kydyrbayeva

Journal volume & issue
Vol. 103, no. 4

Abstract

Read online

Түркі тілдерінің орта ғасырдағы тарихи даму кезеңдерін еске алатын болсақ, Орта Азия аймағында Қарахан дәуірінен бастап, көптеген зерттеулерде шағатай тілі атауымен аталып, араб әліпбиіне негізделген түркі тілінде жазылған еңбектерді жиі кездестіреміз. Мақаладағы зерттеуімізге арқау болған «Дастӯр ал-‘илāж» трактаты мәтінінің тілін, орфоргарфиялық және фонетикалық ерекшеліктерін зерттей келе оны шығыс түркі немесе ортағасырлық әдеби түркі тілі деп аталған шағатай тіліндегі шығарма деп cанаймыз. XV – XX ғасырларда жазылған шағатай тіліндегі еңбектер ішінара тілдік құрылымы, жазылу кезеңі мен мазмұны жағынан ерекшеленеді. Солардың ішінде түркі тілінің ғылыми тіл ретіндегі әлеуетін дамытқан медициналық шығармалар түркологиялық, лингвистикалық зерттеулер тұрғысынан қаралу керек деп білеміз. Шығарманың парсы нұсқаларында трактат көшпенді өзбектер ханы – Әбу Сағид ханның бұйрығымен 1527 жылы аяқталғандығы және оған сыйға тартылғандығы айтылады. Демек, Я. Экманның классификациясына сай, бұл трактаттың жазылу уақыты шығыс түркі тілінің классикалық дәуірінен кейінгі кезеңге келеді. Мақалада «Дастӯр ал-‘илāж» трактаты негізінде XVІ ғ. медициналық шығармалардың тілдік ерекшелігіне тоқталамыз. Ол үшін шығарманың қолжазбасында кездесетін зат есімдердің, өсімдік, аң және адам ағзасына байланысты атаулардың фонетикалық ерекшеліктері мен кірме сөздердің жазылу емлесіне талдау жасаймыз. Кілт сөздер: салыстырмалы фонетика, орта ғасыр түркі тілі, орфографиялық ерекшеліктер, түркітану, түпнұсқа мәтін.