Хабаршы. Заң сериясы (Jun 2019)
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫ: ТҮСІНІГІ, СЕБЕПТЕРІ, АЛДЫН-АЛУ
Abstract
Мақалада жасөспірімдердің қоғамға жат әрекеттері – қылмыстық құқық бұзушылықтары жан-жақты сараланып, олардың қылмыстық әрекетке баруының себептері ғылыми деңгейде қарастырылады. Жасөспірімдер қылмыстық құқық бұзушылықтары басты «ауыртар» мәселе ретінде бірінші кезекте тұрса да, онымен күрес күнделікті жүргізіліп жатса да, жылдан-жылға көбеймесе, азаймай тұрғаны жасырын емес. Әрине, бұл – қылмыстық құқық бұзушылықтың сағат сайын, күн сайын, ай сайын «өсіп», қылмыстылықпен күрес жүрмеді деген жаңсақ ой тудырмаса керек. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде облыстық деңгейде, аудан, қала бойынша жасөспірімдер қылмыстық құқық бұзушылықтары мен қылмыстық теріс қылықтарымен теңдесі жоқ жұмыстар жүргізіліп жатыр, нәтижесін беріп жатыр. Бұл жерде біздің айтпағымыз, бір қылмыстық әрекетке барған баланың екінші, үшінші, тіпті одан да көп рет жат әрекетке барып, статистикаға «үлес» қосуы. Бұл статистиканы өте жақсы тәрбиелі отбасынан шыққан баланың «келеңсіз» ортаға түсіп, қылмыстық әрекетке баруы салдарынан көбейтіп жатқаны. Бұл статистиканы ересектер ықпалымен қылмыстық әрекетке барған балалар мен бос уақыты өзіне берілген балалардың толықтыруы. Қалай болғанда да, ондай балалар тағдыры кез келген қоғам мүшесін бей-жай қалдырмасы анық. Автор отандық және ресейлік ғалымдар еңбектерін саралай отырып, ғалымдар пікіріне пікір қоса отырып, девианттық мінез-құлықты ғылыми жағынан ашып көрсетуді мақсат етеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (26.04.2017) атты мақаласын басшылыққа ала отырып, оның маңыздылығын көрсеткен. Мақалада автор қылмыстық құқық бұзушылыққа баратын жасөспірімдердің девианттық мінез-құлықтарына түсінік бере отырып, девианттық мінез-құлықтардың себептерін, оны ескерту, алдын-алу және қылмыстық құқық бұзушылықпен күрес жүргізудің тиімділігі мәселелері жан-жақты қарастырылған.