Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Жоғары білім беру жүйесі және еңбек нарығы: жағдайы және тиімді өзара әрекеттестік жолдары

  • N. Е. Dabyltaeva

Journal volume & issue
Vol. 71, no. 3

Abstract

Read online

ЖОО-ның тиімді дамуының қажетті алғышарттары, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру, еңбек нарығының талаптарымен сәйкес модернизациялау инновациялық және әлеуетті интеграцияланған бірлестіктерге оқу орындарын жатқызу механизмдерін қалыптастыру болып табылады. Ол мақалада көрініс тапқан себептермен байланысты. Мәселені шешудің бағыттарының бірі – жекелей курстарды оқыту, жоғары білім беру стандарттарын құру үдерісінде жұмыс берушінің қатысуымен, алатын білім мен қабілеттіліктің тәжірибелік мәнін күшейту контекстінде еңбек нарығының қажеттілігіне бейімделген модульды білім беру бағдарламаларын жаңарту. Бұл орайда ЖОО-да ең жоғары білікті кадрлардың қызмет атқаруы үшін еңбектерін марапаттаудың жағдайларын құру керек. Қалыптасқан жағдайда жоғары білім беру нарығының еңбек нарығымен өзара әрекеттестік механизмін жетілдіру, білікті кадрларды дайындау қажет. Ол үшін әр тараптың өзара мүдделерін ескеретін ынтымақтастықтың қазіргі заманға сай формалары мен институттары талап етіледі.

Keywords