Алматы технологиялық университетінің хабаршысы (Dec 2021)

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ШИКІЗАТТАН ЖАСАЛҒАН МАКАРОН ӨНІМДЕРІНІҢ МИКРОҚҰРЫЛЫМЫН ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

  • ,
  • ,

Journal volume & issue
Vol. 0, no. 4

Abstract

Read online

Макарон өндірісінің қазіргі заманғы даму тенденциялары емдік-профилактикалық макарон өнімдерін өндіру үшін құрамында крахмалы бар шикізатты қолдануға негізделген. Осыған байланысты макарон ұнындағы ақуыз бен крахмалдың жай-күйін бақылау өте маңызды, бұған макаронның микроқұрылымын электронды микроскопиялау арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан дәстүрлі емес шикізаттан жасалған макарон өнімдерінің микроқұрылымын және микробиологиялық көрсеткіштерін зерттеу өзекті болып табылады.Зерттеудің тәжірибелік құндылығы дәстүрлі емес шикізаттан жасалған макаронның тұтынушылық қасиеттерін жақсартумен сипатталады. Зерттеудің жаңалығы дәстүрлі емес көп дәнді шикізатынан макарон өнімдерін өндірудің ғылыми-технологиялық негіздерін әзірлеу болып табылады. Алынған электрондық микросуреттерді талдау дәстүрлі емес шикізаттан жасалған макарон өнімінің микроқұрылымы бақылау үлгісімен салыстырғанда стандарт нормаларына сәйкес келетіндігін көрсетті. Дәстүрлі емес шикізаттан жасалған макарон өнімінде рұқсат етілген мөлшерде микотоксиндердің келесі түрлері анықталды: афлатоксин В1, афлатоксин М1, зеараленон, дезоксиниваленол, охратоксин А, фумонизин, патулин, Т-2. Мысалы, зеараленонның мөлшері (мг/кг): макарон өнімінде № 1 рецепті бойынша 0,0637, № 2 рецепті – 0,0251 және № 3 рецепті – 0,0758; ұн шикізатында № 1 рецепті бойынша – 0,1485, № 2 рецепті – 0,0261 және № 3 рецепті – 0,2.

Keywords