Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (May 2016)
Абай шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қытай тіліне аударылуы жайлыАбай шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қытай тіліне аударылуы жайлы
Abstract
Фразеологиялық тіркестерді, оның ішінде образды тіркестерді аудару аударма практикасы үшін күрделі мәселелердің бірі. Бұл құбылыс олардың ерекше әсерлі реңке және айрықша сөйлеу стиліне ие болуымен және олардың ұлттық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. «Абай шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қытай тіліне аударылуы жайлы» атты бұл мақалада автор фразеологиялық тіркестерді аудару барысындағы теориялық және практикалық мәселелерді талқылай келе, нақты мысал ретінде Абай шығармаларындағы фразеологизмдердің қытай тіліне аударылу мәселелерін тілге тиек етеді. Нақты үлгі ретінде белгілі қытай абайтанушысы Ха Хуаньчжаң мырзаның аудармалары қолданылады.