Алматы технологиялық университетінің хабаршысы (Apr 2022)

НАН ӨНДІРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ДӘНДІ – ДАҚЫЛДАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ ЕКІНШІЛІК ШИКІЗАТЫН ЗЕРТТЕУ

  • ,
  • ,
  • ,
  • ,

Journal volume & issue
Vol. 0, no. 1

Abstract

Read online

Бұл мақалада дәнді дақылдарды қайта өңдеудің екіншілік шикізатын тиімді пайдалану перспективалары қарастырылған. Дәнді дақылдарды қайта өңдеудің екіншілік шикізатын тиімді пайдаланудың ресурс үнемдейтін технологияларын іске асыру үшін ғылыми негізделген шешімдер әзірленді.Зерттеу нысаны ретінде ауыл шаруашылығы саласында қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі, "Абзал және Компания" ЖМ-де (Қызылорда облысы) өндірілген күріш ұншығы, "Егер" ЖШС-де (Павлодар облысы) іріктелген қарақұмық ұншығы пайдаланылды.Дәнді дақылдарды қайта өңдеудің жанама өнімдері – күріш және қарақұмық ұншығының химиялық құрамы зерттелді. Зерттеу барысында бұл шикізаттардың химиялық құрамы айтарлықтай артықшылықтарға ие екендігі айқындалды. Күріш пен қарақұмық ұншығының аминқышқылдары мен май қышқылдарының құрамы анықталды. Нан өндірісінде күріш пен қарақұмық ұншығын пайдалану перспективасына байланысты, олардың санитарлық – гигиеналық жағдайына зерттеу жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер негізінде күріш пен қарақұмық ұншығын нан өндірісінде қолдану перспективасы анықталды.

Keywords