Хабаршы. Заң сериясы (Sep 2023)
Экологиялық құқықтық тәртіп жүйесіндегі экологиялық білімнің рөлі мен маңызы
Abstract
Бүгінгі таңда ҚР-да қолайсыз экологиялық ахуал өткір мәселелердің бірі болып қалуда. Сонымен қатар, кейбір мамандардың пікірінше, Қазақстан мен көршілес республикалардың табиғаты мен халқының экологиялық жағдайы әлемдегі ең нашар жағдайға жатады Осы мақалада ҚР-да экологиялық білім беру мен тәрбиеге кешенді құқықтық талдау жүргізілді, қамтамасыз етудің, іске асырудың құқықтық негіздері қаралды. Ұлттық құқық нормаларына сәйкес экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің қалыптасу зерделенді. Экологиялық – құқықтық сана – экологиялық мәселелерді шешуге ықпал ететін негізгі фактор ретіндегі түсінікті қалыптастыру мақсатын көздейтін ұсыныстар мен теориялық мәселелер қарастырылды. ҚР экологиялық заңнамасын, оның ішінде экологиялық тәрбие мен білім беру, ағарту мен мәдениет мәселелеріне салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, тиімді перспективалы нормаларды бөліп алу, сондай-ақ оларды ұлттық заңнаманың нормаларына ендіру бойынша ұсыныстар қарастырылды. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ЖТН AP14872548 “Қазіргі экологиялық құқықтық тәртіп: қазақстандық кейс”тақырыбында гранттық қаржыландырудың ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде дайындалды. Түйін сөздер экологиялық қауіп, экологиялық білім, экологиялық – құқықтық сана, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, экологиялық заңнама