Turkic Studies Journal (Nov 2021)

Алтын Орданың мемлекеттік идеологиясы

  • Satay Syzdykov

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2020-2-3-69
Journal volume & issue
Vol. 2, no. 3

Abstract

Read online

Алтын Орда дәуірінде Мәңгілік Ел идеясының атауы ресми түрде «Мәңгі Тәңірінің күші» түрінде болған. Мысалға алсақ, Күйік ханның мөрінде, Арғұн ханның француз королі Филипке жазған хатында және Алтын Орда ханы Өзбектің елшісін растаған құжаттардағы мәтіндер «Мәңгі Тәңірінің күші» сөздерімен басталып отырған. В. Бартольдтің «моңғол» – Шыңғыс хан тұсында ғана мемлекет атауы, ал кейін ғана халықтың атауы болды» деген тұжырымы ғылыми тұрғыда дұрыс. «Монғол» Шыңғыс хан империясы тұсында этноним емес, политоним болып, им- периялық идеология, яғни мемлекеттік идеология болып қызмет атқарды. Бұл идеологияның атауы жаңадан ойлап табылған жоқ, ол ежелгі түркілердың дүниетанымы негізінде қалыптасқан Түрік қағанатының «Мәңгі Ел» мемлекеттік идеологиясын қабылдап, Шыңғыс ханның империялық идеологиясына айналды. Ал «моңғол» термині де сол «Мәңгі Ел» идеологиясының атауынан шықты.

Keywords