Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)
Үндістанның әскери-ядролық бағдарламасы
Abstract
Бұл мақала Үндістанның әскери-ядролық бағдарламасы туралы мол мәлімет береді.Және де мақалада Үндістанда ядролық қару пайда болғаннан кейінгі әлемдік қауымдастықтағы Үндістанның әлемдегі рөлі туралы айтылады,мемлекет басшылығымен жасалған бағдарламаның ресми мәліметтері беріледі. Тәуелсіздік алысымен Үндістан басшылары ядролық қаруды өндірмейтіндігін және атом энергиясы тек қана бейбіт мақсатта өндірілетіндігін айтты. Олар ядролық қаруды таратпау позициясын ұстанған болатын. Сонымен қатар Үндістандағы ядролық зерттеулер ішкі ресурстарды пайдалана отырып, әскери бағдарлама жасауға жол ашты. Бұл 1960 жж. бастап әлемдік қауымдастық ядролық зерттеулердің тек бейбіт мақсатта пайдалануын қатал қадағалап отырған уақытта аса маңызды еді.