Хабаршы. Заң сериясы (Oct 2018)
Тікелей демократия институтының теориялық мәселелері
Abstract
Бұл мақалада тікелей демократия институтының теориялық мәселелеріне талдау жасалынады. Мақаланың мақсаты тікелей демократия институтының теориялық-құқықтық маңыздылығын көрсету. Тікелей демократия құқықтық мемлекетті құруда аса маңызды құндылық болып табылады. Демократияның осы түрінің заңнамалық бекітілуі арқылы, халықтың билікке араласуы жүзеге асырылады. Мақалада құқықтың талдау, салыстыру және тарихи құқықтық әдістері қолданылды. Түйін сөздер: демократия, мемлекет, құқықтық мемлекет, парламент, құқық, құқықтың қайнар көздері, қағидалар.