Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)

Ресей Федерациясының мәдени дипломатиясы

  • N. Tleuova,
  • S. M. Turkeeva

Journal volume & issue
Vol. 73, no. 1

Abstract

Read online

Елдің геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін жүзеге асыру ісіндегі маңызды орынды ғылым және білім саласындағы байланыстар алады. Олар қазіргі таңда мемлекеттер сыртқы саясатының маңызды да тиімді құралына айналып отыр. Бұл байланыстар мәдени дипломатияның негізін құрайды. Мәдени дипломатия – елдің сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының нысаны және құралы ретінде, дипломатиялық қызметтің ерекше саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының стратегиялық әріптесі болып табылатын Ресей Федерациясы да әлемнің өзге мемлекеттері сияқты, қазіргі таңда ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында негізгі назарын мәдени дипломатияға аударып отыр. Осыған байланысты мақалада, мәдени дипломатия ұғымының тұжырымдамалық негіздеріне талдау жасалынып, Ресей мәдени дипломатиясының мақсаты, негізгі бағыттары, қозғаушы күштері қарастырылады.

Keywords