Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Қазақстанның Орталық Азиядағы қауіпсіздік стратегиялары

  • Zh. B. Momynkulov,
  • B. М. Balaubaeva

Journal volume & issue
Vol. 63, no. 3-4

Abstract

Read online

Орталық Азияның тұрақтылығы туралы сөз болғанда сыртқы геосаяси күштер мен олардың аймақтық саясаты көп айтылып, аймақтың ішкі факторлары ұмыт қалдырылады. Қазақстанның қауіпсіздік және тұрақтылық саясатының негізін қазақ халқының бейбітшіл дүниетанымы мен тарихи тәжірибесі құрауы тиіс. Қазақстанның тұрақты, ашық, төзімді және бейбіт ел ретінде танылуының негізінде жергілікті жүйеқұраушы фактор – қазақ ұлтына тән терең қауіпсіздік ұғымы мен бейбіт тепе-теңдік түсінігі жатыр. Қазақстанның Орталық Азия қауіпсіздігіндегі үлесі мен стратегиялары өте үлкен маңызға ие болуда. Қазақстандағы тұрақтылық бірінші кезекте қазақтардың арқасында және солардың ұлтқұраушы мүдделеріне сай жүзеге асырылып отыр. Орталық Азия бос саяси алаң, идеологиялық бостық емес. Аймақта жергілікті динамикалар күшейіп келеді. Қазақтар – Еуразия мен Орталық Азиядағы ең бейбіт, космополит және кең ойлайтын халық. Қазақстан – аймақтың ең тыныш және бейбітшіл елі. Қазақстан – Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін ең көп күш жұмсайтын мемлекет. Қазақстанның қауіпсіздік стратегияларының негізін қазақы үлгідегі қауіпсіздік ұғымдары құрауы тиіс. Орталық Азияның келешегінде Қазақстанның, қазақтардың атқаратын қызметі зор болмақ. Ол үшін Орталық Азия елдері қауіпсіздік мәселесінде ынтымақтасуы қажет.

Keywords