Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Dec 2021)

Экономические инициативы в Центральной Азии: вызовы и перспективы

  • Punit Gaur

Journal volume & issue
Vol. 96, no. 4

Abstract

Read online

Кеңестік кезеңде Орталық Азия елдерінің экономикасы Ресейдің бақылауында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аймақта түрлі экономикалық бастамалар қолға алынды. Бүгінгі таңда аймақтағы ықпалды ойыншы Ресей ЕАЭО экономикалық кеңістігінде аймақтық нарық пен экономикалық мүдделерге үстемдік етеді. Аймақтағы екінші күшті ойыншы Қытай 2013 жылдан бері «Жібек жолы» бастамасын іске асыруда. Дегенмен, АҚШ әскерін Ауғаныстаннан шығару мәселесі соңғы кездері қызу талқылануда. Азия даму банкінің ұйымдастыруымен аймақ жиырма жыл бойы Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырып, тиімді даму нәтижелеріне қол жеткізді. Аймақтағы елдердің ішінде төрт мемлекет түркітілдес елдер. Түркітілдес елдер кеңесі аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымына көтеріледі деген көзқарас зерттеушілер арасында қызу талқыланды. Осы бастамалар аясында отандық сарапшылар Орталық Азияда тиімді экономикалық даму моделін қалыптастыру ұзақ мерзімді интеграциялық байланыстар мен Орталық Азиядағы ішкі қайшылықтарды реттегеннен кейін жүзеге асатынын жиі айтады. Бұл мақалада осы бастамалар арасындағы бәсекелестік пен шиеленісті тудыратын мәселелер сипатталған. Түйін сөздер: Орталық Азия, Жібек жолы, Түркі кеңесі, экономикалық байланыстар, ЕАЭО, Қытай, АҚШ.