Хабаршы. Заң сериясы (Sep 2015)
Ғылыми плагиат үшін заңды жауапкершілік
Abstract
Мақалада ғаламтордың дамуы адами белсендiлiктiң әртүрлi са лаларында плагиаттың енуiне мүмкiндiк туғызатынығы сипатталады. Қоғамда өзекті болып отырған плагиат бiлiм мен ғылым саласында да өткір мәселе болып, өнеркәсiп саласы мен ғылым саласында да жо ғары болып тұрғандығы айтылады. Сонымен қатар, заңдық тұрғыдан қарағанда, плагиат авторлық құқық саласындағы ұрлық деп саналып, оның заңға қайшы мiнезқұлық ретінде көрініс тапқандығы және қо ғамдық қауiптi дәрежесіне орай заңдық жауапкершiлiктiң әртүрлiгі не әкеп соқтыратындығы баяндалады. Авторлық құқықты қорғаудың ең тиімді жолы тек қана мораль дық шығынды қалпына келтіру емес, сонымен қатар оларды заңдық жауапкерішілікке тарту болып табылады.