Хабаршы. Психология және социология сериясы (Nov 2013)
Әлеуметтік масылдылықтың қоғамның дамуына, экономикалық әлеуетіне әсері және оны жеңудегі корпоративті мәдениеттің орны
Abstract
Мақала қоғам өмірінің дамуына тежегіш болатын масылдылық феномені, оның шығу себептері мен зардаптары, оған алып келетін рухани және физикалық факторларды зерттеуге арналған. Мемлекеттік басқару құрылымының, идеологияның қоғамда осы феноменнің көрініс табуына тигізетін әсері, түрлі бағыттағы елдердің тәжірибесін талдау арқылы көрсетілген. Атап айтқанда, АҚШ пен КСРО халқының еңбек жағдайы салыстырылып, түрлі жүйеде өмір сүріп жатқан Оңтүстік және Солтүстік Корей мемлекеттерінің өмірін мысалға ала отырып пікір білдірілген. Түркия халқының еңбекке көзқарасының ұстанған рухани бағытымен байланысы арқылы көрсетуге тырысады. «Қазақстандық қоғам неліктен үздік нәтижелерге қол жеткізе алмауда?», «Қазақ болмысынан масыл ма, әлде тарихи жағдай «масылдардың» көбеюіне жол ашты ма?», «Әлеуметтік масылдылықтың зардабынан қалайша шығынсыз, ұтымды құтылуға болады», «Елдегі еңбек қатынастарының қалыптасуы мен даму үдерісі дұрыс жолға қойылу үшін не істеу керек?» деген сынды әрқилы сұрақтардың жауа- бы халық санасы мен бүгінгі жай-күйін талдай отырып түйінделген. Халықтың еңбек мәселесіне қатысты Абай, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов секілді тұлғалардың ой-пікірлері, халық ауыз әдебиеті мен мақал-мәтелдері әлеуметтанулық тұрғыдан талданады. Масылдылықты жоюдың ең тиімді жолы ретінде Самсунг, Тайота сынды ірі компаниялардың корпоративтік мәдениетті жолға қою әдісі сарапталған.