Хабаршы. Психология және социология сериясы (Feb 2013)

Əлеуметтік қызметкерлердің кəсіби құзыреттілігін жетілдіру мəселелері

  • K. A. Abenova,
  • D. A. Aryn

Journal volume & issue
Vol. 44, no. 1

Abstract

Read online

Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы əлеуметтік проблемалар, олардың шешу жолдары мен əдістері баян-далады. Сондай-ақ əлеуметтік қызметкердің кəсіптік тұлғасы жəне маманға қойылатын талаптар, əлеуметтік қызметкердің əртүрлі лауазымдық міндеттері сипатталады.Мақалада қазіргі заманға тəн болып отырған кері əдеттермен күресудің жалғыз жолы – жас ұрпақты əдептілік нормаларына сай тəрбиелеудің маңыздылығы айтылады. Жас ұрпақты əдептілікке тəрбиелеу ісінде ұлттық философияның, ұлттық құндылықтардың алатын орны ерекше. Сондықтан болашақ əлеуметтік қызметкерлерді даярлау ісінде олардың бойына моральдық принциптерді сіңіру маңызды.Мақалада шығыс ойшылдарының, оның ішінде əл-Фарабидің даналық, ізгілік, мейірімділік туралы ойларына мысал келтірілген. Əлеуметтанушы В.А. Канкенің өркениет дағдарысы туралы пікірлеріне, Дж. Роулздың ақпараттық қоғамдағы əділдік қағидалары туралы ойларына сілтеме жасалған.Қазіргі заман мамандарының бойында гуманизм принципінің болуы шарт. Гуманизм əлеуметтік қызметкердің бойында гуманизм принципі мейірімділік, қарапайымдылық, мұқияттылық, сезімталдық, нақтылық, əдептілік қасиеттердің болуын міндеттейді.Сондай-ақ мақалада Қазақстан Республикасының көп ұлтты жəне көп конфессиялы мемлекет екендігі ерекше айтылып, осыған сəйкес, елімізде əртүрлі этникалық топтармен əлеуметтік жұмыстың өзіндік технологиясының қалыптасып отырғандығы баяндалған. Осы орайда, авторлар ұлтымызға тəн мейірбандық қасиеттерге тоқталған.Мақалада əлеуметтік қызметкердің тұлғалық жəне кəсіптік сапалары мен қасиеттері кеңінен талдана-ды, əлеуметтік қызметкердің тұлғааралық сапаларына ізгілікті қасиеттерді, психикалық талдау жүргізе білуді, педагогикалық біліктілік негіздерін білуді жатқызады.Мақалада əлеуметтік қызметкердің атқаратын функциялары, əлеуметтік қызметкердің құқықтық қатынастар жүйесіндегі білім сапасын көтеру маңыздылығы, қоғам үшін əлеуметтік қызметкердің маңыздылығын арттыру туралы жазылған.Авторлар əлеуметтік қызметкердің міндеттері қатарына Қазақстан Республикасының Заңдарын, арнау-лы əлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, арнайы педагоги-ка, психология жəне əлеуметтік жұмыс негіздерін білуді жатқызады.

Keywords