Turkic Studies Journal (Nov 2021)

Түркология: ғылыми парадигмасы және пәнаралық сипаты

  • Shakimashrip Ibraev

DOI
https://doi.org/10.32523/tsj.02-2019/2-5
Journal volume & issue
Vol. 1, no. 2

Abstract

Read online

Мақалада түркологияның құрамына енетін гуманитарлық пәндердің өзара байланысы мен кешенді (комплексті) сипаты талданады. Осы мақсатта түркологияның ғылыми парадигмалары және олардың тарихи ауысу кезеңдері тіл білімінің және фольклористиканың материалында өзара салыстырылып зерттелді. Нәтижесінде түркі тілдері мен фольклоры туралы пәндердің ғылыми парадигмалары бір-бірімен байланыста дамығандығы анықталды. Сәйкестік саяси-әлеуметтік жағдайдың, тарихи дәуірдің ортақтығынан ғана емес, зерттеудің теориялық әдістемелік тұғырнамалары бойынша да орын алғаны байқалды. Тіл білімінің «Радлов кезеңі», Кеңес дәуірінің тілдерді жасақтау саясаты (языковое строительство) және тілдерді тарихи салыстырмалы аспектіде дүниежүзінің ғылыми тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу сияқты дамудың үш кезеңі фольклористикада да белгілі дәрежеде қайталанды. Оның себебі фольклор ауызша сөйлеу қызметінің айрықша түрі ретінде тілдік құбылыстың заңдылықтарымен қарайлас пайымдалды. Әлемдік антропология ғылымының дамуы алдағы уақытта бұл екі пәннің өзара байланыста дамитынын көрсетті.

Keywords