Хабаршы. Заң сериясы (Mar 2019)
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТҚА ҚОҒАМНЫҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Abstract
Жұмыста Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы ақпаратқа қоғамның қол жетімділігі жөнінде кешенді құқықтық анализ, құқықтық негіздерін қамтамасыз ету қарастырылып, экологиялық ақпаратқа қоғамның қол жетімділігін іске асыру және құқықтық қорғау жүргізілді. Зерттеу нысаны ақпарат болып саналады, ол табиғи ортаның экологиялық жағдайы және адамның өмір сүру ортасы. Қоғамның экологиялық ақпарат жөніндегі халықаралық құқық нормасы мен халықаралық заңнама құқығы мен Қазақстан Республикасы туралы қол жетімділігі жөнінде құқықтық реттеуді қамтамасыз ету зерттелінді. Қоғамның экологиялық ақпаратқа қол жетімділігі мен онымен иелену – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, тиімді және кешенді міндеттерді шешу үшін маңызды мәнге ие. Адам денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына туындауы мүмкін немесе туындаған экологиялық қауіп не табиғи, техногенді, антропогенді факторлардың зияны әсер етуі мүмкін және оларды жою шараларын жасауға тек қана дұрыс және толық, уақытылы экологиялық ақпаратпен иелену объективті бағалау бере алады. Қазақстан Республикасында экологиялық ақпараттың іске асырылуын қамтамасыз ету және қоғамның бұл мәселелерді шешудегі рөлі жөніндегі проблемаға баса назар аударылады.