Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)

Еуропалық Одақтың Оңтүстік Жерорта теңізі аймағымен сауда қатынастары

  • А. О. Karimsakov,
  • К. N. Makasheva

Journal volume & issue
Vol. 68, no. 4

Abstract

Read online

Сауда қатынастарын дамыту еуро-жерортатеңіздік әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігі болып саналды. Бұл бағыттың негізгі мақсаты – сауданы либерализациялау және еркін сауда аймағын құру арқылы аймақтық интеграцияны тереңдету. ЕО экономикалық өсуге ынталандыруда, өмір сүру деңгейін және жан басына шаққандағы кірісті жоғарылатуда сауданың рөлін аса маңызды орынға қояды. 40 жылдан бері сауда саласы ЕО-ның ортақ саясатының әлдеқайда интеграцияланған құралы болып табылады. Қазіргі кезде ЕО-ның сауда саясаты ЕО-ны құру жөніндегі келісімшарттың 131, 134-баптарына негізделген. Оның негізгі мақсаты – халықаралық саудада шектеулерді прогрессивті түрде алып тастау және кедендік тарифтерді төмендету. ЕО Оңтүстік Жерорта теңізі елдеріне қатысты өзінің ортақ саясатын, соның ішінде сауда саясатын 70-жылдары қалыптастырған болатын, сол кездері ЕО-ның аталған елдермен алғашқы әріптестік және сауда келісімдеріне қол қойылды. ЕО-ның оңтүстіктегі әріптестермен ассоциация жөніндегі барлық келісімшарттары 12 жылдық ауыспалы кезең ішінде еуро-жерортатеңіздік еркін сауда аймағын құруды қарастырды. Сонымен қатар ЕО-дан шығатын өндірістік өнімдер экспортына қойылатын кедендік салықтарды біртіндеп алып тастау, оған жауап ретінде ЕО нарығына дайын өнімдермен еркін кіру мүмкіндігі де қолға алынды. ЕО Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінің негізгі сауда әріптесі болып табылады, алайда екі аймақ арасындағы сауда қатынастары үйлесімсіз және арасалмақтық сақталмай келеді.

Keywords