Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Aзық-түлiк қaуiпсiздiгi мәселесі және оның дaмуы

  • Zh. K. Idrysheva

Journal volume & issue
Vol. 72, no. 4

Abstract

Read online

Азық-түлік қауіпсіздігі әрқашан жалпы қоғамның және нақты бір индивидтің негізгі міндеттерінің бірі, себебі мұның негізінде барлық адам әрекеті тіректенетін өзін сақтау жүйесі жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі ғаламдық ахуалы адамзат өміріне айтарлықтай қауіптөндіруде. Жер бетіндегі адамдардың саны өскен сайын, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі де шиеленісе түсуде. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу – әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. Азық-түлік қауіпсіздігі әр елдің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады. Өйткені, бірде-бір мемлекет халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің де кепілі.

Keywords