Turkic Studies Journal (Sep 2024)

Әл-Омаридің Алтын Орданың тарихи географиясына қатысты мәліметтері

  • Zibagul Ilyassova ,
  • Mendigul Nogaibaeva

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-3-51-68
Journal volume & issue
Vol. 6, no. 3

Abstract

Read online

Араб тарихшысы әл-Омари жазып қалдырған жазба деректер өзінің тұпнұсқалық сипатына орай Алтын Орда тарихы үшін ең құнды әрі маңызды дереккөз болып табылады. Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, тарихи қосалқы пәндердің жаңа мәліметтері ғылыми айналымға енген сайын, классикалық жазба деректердің мәліметтеріне қайтадан сын көзбен қарау және оны жаңа тұрғыдан талдау қажеттілігі де туындайды. Мақалада әл-Омаридің мәліметтері Алтын Орданың тарихи географиясы, соның ішінде Алтын Орданың шекарасы, ортағасырлық алтынордалық қалалардың топографиясы, қалалардың гүлдену динамикасы, тарихи топонимикасы, экономикалық географиясына қатысты соңғы зерттеулердің нәтижелеріне қатысты қайта сарапталады. Деректегі Арқ Таг/Уруктағ оронимін Орал тауларының түркілік атауы ретінде қарастырамыз. Автордың Алтын Орданың экономикалық географиясына қатысты мәліметтері көшпелі мал шаруашылығын ұйымдастыру заңдылықтары, көшпелілердің көші-қон маршруттары, керуен жолдары туралы басқа дерек көздері мен зерттеулер тұрғысынан алғандағынақтылығы және көшпелілер шаруашылығын ұйымдастырудың экологиялық сипатын анықтау тәрізді сауалдар шеңберінде талданады. Әл-Омаридің Алтын Орданың тарихи географиясына қатысты мәліметтері жаңа зерттеулердің нәтижелерімен қоса тарихи-салыстырмалы талдау әдісі арқылы да талданады. Зерттеу барысында логикалық позитивизм әдісі негізінде дерек мәліметтерін қайта сараптау Алтын Орданың саяси, әкімшілік құрылымы, көшпелі мал шаруашылығының сипаты, ұйымдасу ерекшеліктері туралы тың тұжырымдар жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Keywords