Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Египет Араб Республикасындағы 2012 жылғы саяси дағдарыс

  • Zh. B. Momynkulov,
  • D. М. Kokeyeva

Journal volume & issue
Vol. 61, no. 1

Abstract

Read online

Осы мақалада Египет Араб Республикасында (Мысыр елі) 2012 жылы орын алған саяси дағдарыстың себептеріне, кезеңдеріне жəне нəтижелеріне талдау жасалады. 2012 жыл аталмыш елдегі сая- си жағдай қатты шиеленісіп, халық екі саяси топқа бөлінді. Зайырлылар мен исламшылдардың арасындағы саяси қақтығыс елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайына кері əсер етті. Мысыр- да əскерилер мен исламшылдар арасында тепе-теңдік немесе келісім орнады. Зайырлы топтар ұйымдасқан күшті саяси партиялар құра алмады. Десек те оппозиция президенттің өкілеттігін арт- тыратын конституциялық заңның қабылданбауында үлкен рөл атқарды. Саяси дағдарыс Мысырдың жаңа конституция жобасының ұлттық референдум арқылы қабылдануымен аяқталды. Бұл жолы да исламшыл топтар өздерінің күшті қоғамдық қолдауға ие екендігін дəлелдеді. Енді Мурси бастаған Еркіндік жəне əділет партиясы экономикалық мəселелерді шешуге көңіл бөлуі тиіс. 2013 жылы елде болатын парламенттік сайлауларда дағдарысты оң шешудің мүмкіндігі бар. Десек те Мысырдағы саяси жағдай алдағы уақытта тағы да шиеленісуі ықтимал. Өйткені Мысырдағы саяси бақталастықта исламшылдар жеңді деп айту əлі ерте.

Keywords