Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Jan 2016)

Ислам құқығындағы араб лингвистикасының маңыздылығы. Важность арабского языкознания в исламской юриспруденции.

  • K. Kurmanbayev.

Journal volume & issue
Vol. 68, no. 2

Abstract

Read online

Сауда-саттық, шағымдану, арыздану, құқығын талап ету, өсиет ету, үйлену секілді құқықтық қарым- қатынастардың дұрыс, заңды жолмен жүзеге асуы үшін ортақ тілдің болуы маңызды. Сол секілді конституциялар, заңдар, ереже-қағидалар мен мемлекетаралық келісім шарттар сынды құқықтық құжаттардың мазмұны мен мақсаты анық əрі түсінікті тілде жазылуы үшін, заң шығарушы органдар құқықтық құжаттар жазылатын тілді жетік меңгерген болуы тиіс. «Əр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп, елінің тілінде ғана жібердік» – деген Құран аятында бандалғандай, адамзатқа тура жолды нұсқап келген пайғамбарлардың да өз қауымы арасынан таңдалынуы – осының айғағы. Ислам дінінің негізгі қайнар көздері араб тілінде екендігі мəлім. Сондықтан Құран экзегетикасы, ислам теологиясы мен құқығын терең меңгеріп, араб тіліндегі діни мəтіндерден үкім шығару үшін, араб тілінің грамматикалық қағидалары мен риторикасын, сөйлем мен сөздердің метафоралық жəне тура мағыналарда қолданылу ерекшелігін, сондай-ақ əр түрлі баяндау тəсілдерін жетік меңгеру қажет. Осы мақалада, ислам құқығындағы араб тілі лингвистикасының құқықтық үкімдерді шығарудағы маңыздылығы мен түрлі шариғи нормалардың туындауына ықпалдылығы баяндалады. В этой статье рассматривается важность арабского языкознания в извлечении правовых норм в исламской юриспруденции и ее влияние на различные точки зрения ученых.

Keywords