Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Apr 2022)

Ежелгі АО Нагалары қоғамындағы «бас алу» түсінігі

  • R. Pandey,
  • S. Ismagulova

Journal volume & issue
Vol. 100, no. 1

Abstract

Read online

XIX ғасырдын ортасына дейін өз бетінше сыртқы саяси ықпалдан тыс, оқшау өмір сүрген Ао Нагалары ғасырлар бойы бас алу тәжірибесін жүзеге асырып келді. Көп жағдайда, оны мән-мағынасыз, кездейсоқ “біреудің басын кесіп алу” немесе көлденең келгенді бір себеппен, ия себепсіз оңды-солды шаба беру деп түсінеді. Алайда, бұл тәжірибе – Нагалалардың уақыт тезінен өтіп, өз даму жолымен белгілі бір дәрежеде шыңдалған, соғыс тактикасындағы өзіндік бір дәстүр-салтқа айналған қорғаныс пен шабуыл тәсілі болды. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі бүтіндей тек тайпа еректерінің әскери дайындығына тәуелді еді. Басқаша айтқанда, монархиялық құрылымдағы шағын, саяси қоғамдық бірлікті құраған Нага халықтары үшін бас алу тәжірбиесі – олардың айналасындағы өздері секілді басқа да бәсекелес тайпарлардан қорғанып қана қоймай, сол тартыста тәуелсіз өмір сүруге ұмтылудан туындаған қажеттілік пен өмір үшін күрес механизмі деп те анықтауға болады. Алайда, қазіргі кезде бұл тәжірибе толық дерліктей христиан дініне бет бұрған жаңа Нагалардың бүгінгі ұрпақтары үшін өткен тарихтың нышаны ғана боп қалды. Түйін сөздер: Бас алу салты, Ао Нагалары, Арен, Ариджу, тайпалық дәстүрлі қоғам.