Хабаршы. Психология және социология сериясы (Dec 2014)

Психотерапиялық ықпал ету үрдісіндегі ертегі терапиясы және бейсананың рөлі

  • N. U. Begalieva,
  • A. Timurkyzy

Journal volume & issue
Vol. 51, no. 4

Abstract

Read online

Мақалада ертегі терапиясының әлеуеті, бейсанадағы рөлі, ертегінің психотерапиялық әсері, ертегілерді талдаудың түрлері жан-жақты баяндалады. Ертегі бейнелерінің терең, архетиптік табиғатын «ашу», бізге адамның күрделі мотивациясы мен өмірлік заңдарын түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, К. Юнг бойынша, Рух архетипі – Сиқыршының, Қарттың ертегі бейнелерінде байқалады, олар ертегі кейіпкерінің жолында ең жауапты сәттерде кездесетіндігі айтылады. Сондай-ақ, ертегі терапиясының психотерапиялық әсері адамның өзіне беймәлім бейсана- сында балалық шақта орын алған мәселелерінің шешілуіне үлкен әсері бар делінген. Ал, клиентті күйзеліске түсіріп жүрген мәселелерін тек ертегі терапевтінің (психологтың) терең талдауы мен интерпретациялануының нәтижесінде шешілетіндігі қарастырылады. Клиент ертегілерде кездесетін символдардың көмегі арқылы өзінің бейсанасына үңіліп, ертегі әлеміне ене отырып, бейсана деңгейінде символдарды өзінің ішкі күйзелістерімен салыстырады. Біртіндеп бұл күйзелістер оның санасына жетеді де, өз мәселесінің шығу себебін түсінетін болады.

Keywords