Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)

Қытай-Иран байланыстары

  • М. А. Омарова

Journal volume & issue
Vol. 41, no. 3

Abstract

Read online

Мақала Қытай мен Иран байланыстарын зерттеуге арналған.Қытай Халық Республикасы мен Иран Ислам Республикасы бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда өзіндік ерекшелігі бар сыртқы саясатты ұстанатын мемлекеттердің қатарында. Бұл екі мемлекетті, жалпы алғанда, өзара достас мемлекеттер деп айтуға әбден болады. Иранның ядролық бағдарламасы, сондай-ақ оның сыртқы саясатындағы негізгі ұстанымдар Қытай мен Ресей секілді алпауыттардың қолдауына ие болып отырғаны белгілі. Иранның ядролық бағдарламасының қарсыласы АҚШ-тың өзі Иранның әуе күштеріне қарсы ешқандай шара қолдана алмай отыр. Бүгінгі таңдағы әлемді жайлаған қаржы дағдарысы жағдайында мемлекетаралық байланыстардың прагматикалық көзқарас тұрғысынан құрылатындығы айдан анық. Өйткені әрбір мемлекет қандай сыртқы саясат жүргізсе де, қандай келісімшартқа отырса да, ең алдымен, өзінің, яғни өз елінің мүддесін алғашқы орынға қоятыны сөзсіз. Ал енді Қытай мен Иран арасындағы байланыстарға келер болсақ, бұл екі мемлекет те қарым-қатынастарын өзара тиімділік негізінде дамытып келеді. Екі ел де Азияның әлеуеті зор, географиялық жағынан жақын орналасқан, тарихи жағынан тағдырлас мемлекеттері болып табылады. Қытай мен Иран арасындағы дипломатиялық байланыстар 1971 жылдың 16 тамызында орнатылған. Сол кезден бергі өткен 38 жылдың ішінде Иран патшалықтан Ислам Республикасына ауысып, Иран-Ирак соғысын және халықаралық оқшаулануды басынан өткерді. Қытай да өз кезегінде Мәдени революцияны, ашық есік саясатын жүргізе отырып, мемлекеттік күш-қуаты мен халықаралық мәртебесінде де айтарлықтай өзгерістер болды. Әйтсе де, Қытай мен Иран арасындағы екіжақты достық қатынастардың осы уақытқа дейін сақталып келе жатқандығы олардың болашақтағы өзара ынтымақтастығының берік негізін қаласа керек.

Keywords