Хабаршы. Заң сериясы (Jan 2024)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • А.Г. Дуйсенкул,
  • С.М. Мадыхан,
  • Ж.А. Оспанова,
  • Г.Д. Тайгамитов

DOI
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2023.v108.i4.03
Journal volume & issue
Vol. 108, no. 4

Abstract

Read online

Қазіргі төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өмірінен бастап, мемлекет тарапынан маңызды болып табылатын мәселелерді шешуде басты рөлді иеленеді. Заманауи ақпараттық технологияның ықпалымен қоғамдық институттардың өзгерісі үрдісі қалыптасты. Жаhандану жағдайында геосаяси шиеленістер мен рухани-қоғамдық нигилизмнің белең алуы әлем экономикасының тұрақтылығына кері әсерін беруде. Алайда, кез-келген дағдарыс жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына септігін тигізеді, сондай мүмкіндіктердің бірі – «цифрландыру» кезеңі болып табылады. Цифрландыру қарқыны ел экономикасының дамуына орасан септігін тигізіп, еліміздің күн тәртібінің бағытын айқындап берді. Елімізде қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ел экономикасының барлық секторларын қамтып, жасанды интеллект, блокчейн,Үлкен деректер (Big Data) сияқты жаңа терминдер мен мен технологияларды кең көлемде қолданумен цифрландыру жүйесі мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың көрсеткіші болып табылады. Аталған бағдарлама аясында «Ашық Үкімет», «Ашық нормативтік-құқықтық актілер (НҚА)» «Ашық мәліметтер», «Ашық парламент» электрондық сервиіс іске қосылды. Цифрландыру кезеңінің артықшылығы ол, әсіресе пандемия кезінде қашықтықтан, қызмет көрсету арқылы, денсаулық сақтау, білім беру жүйесінде, онлайн сауда саласында азаматтардың уақытын үнемдеп, тұрғылықты халықтың өмір сүру жағдайын жеңілдетті. Түйін сөздер: цифрландыру, электрондық мемлекет, конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілері, азаматтардың құқықтары, Конституциялық сот.