Turkic Studies Journal (Jun 2024)

Түркі халықтарындағы керамикалық ыдыстардың зерттелу тарихы

  • Meruert Amirova,
  • Myrzatai Zholdasbekov

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-2-8-22
Journal volume & issue
Vol. 6, no. 2

Abstract

Read online

Мақалада жалпы түркі халықтарының ортақ материалдық мәдениеті болып есептелетін керамикалық ыдыс-аяқ түрлері мен оның шығу тегіне, қолданылу аясына, ыдыс-аяқ жасалу технологиясы мен ыдыс-аяққа байланысты салт дәстүрлердің орындалу жүйесіне қатысты әдебиеттер талданады. Энеолит, қола және ортағасырлардағы Еуразия даласынан табылған керамикалық ыдыстардың ортақ түркі халықтарының ыдыс-аяқ мәдениетінің зерттелу тарихына шолу жасау, ыдыс аяқ түрлері мен оның материалына қарай талдау жасау болып табылады. Осы тұрғыда Орталық Азия елдері мен Сібірді мекендеген түркі халықтарының археологиялық қазба жұмыстарынан табылған артефактілер мен керамика түрлері салыстырылады. Мұнда ортақ ұқсастықтар мен ерекшеліктер қарас тырылады. Мақалада Орталық Азия түркі халықтарының ыдыс-аяқ пластикасының зерттелу тарихы мен оның жасалу технологиясындағы ерекшеліктерге шолу жасалып, оның ортақ ұқсастықтары классификацияланды. Сонымен қатар керамикалық ыдыстардың тұрмыста қолданылуы мен қажеттілігіне қарай әр кезде өзгеріп отырған ыдыс түрлері беріліп, оның жасалуындағы тиімді әдістердің дамыған орталықтары көрсетіледі. Оның ішінде Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан территориясынан табылған керамикалық ыдыстардың ортақ ұқсастықтары беріледі. Бұл Орталық Азия территориясындағы қалалық аймақтарда керамика өндіретін орындардың көп болғанын айғақтауға негіз болады. Мақаланы дайындау барысында археологиялық қазба жұмыстарының материалдары, этнографиялық деректер мен арнайы әдбеиеттер пайдаланыла отырып, түркі халықтарының ыдыс-аяқ дәстүрінің шығу тегі мен қолданылуы аясында жазылған зерттеулерге тарихнамалық тұрғыдан талдау жасалады.

Keywords