Хабаршы. Психология және социология сериясы (Apr 2013)

Рушылдық жəне ұлттық сана-сезам

  • A. A. liyassova,
  • F. S. Oskenbay,
  • R. N. Alibaeva,
  • T. A. Zhakanova

Journal volume & issue
Vol. 45, no. 2

Abstract

Read online

Қазақ халқының трайболизмі – халықтың бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан этникалық қасиеті. Жүздер мен ұлыстарға бөліну Қазақстанда бар жəне қазақ халқының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Қазақстан қоғамында жүзге бөліну сияқты тарихи-этнографиялық ерекшелік болған, өйткені ол көптеген адамдардың сана-сында төл мəдениеттің сақталуы үшін маңызды рөл атқарған. Əлеуметтік трайбализм – өзара көмек институттары арқылы ру мүшелеріне əлеуметтік көмек көрсету үшін генеалогиялық байланыстар негізінде белгілі бір топтардың тілектестік білдіру түрі. Көшпенді қазақтарда милиция да, балалар үйі де, қарттар үйі де жəне т.б. болмағандығы біздің бəрімізге белгілі, ал барлық осы «органдардың» маңызды функциясын ру-тайпа қауымдастығы өзі атқарған. Ру белгіленген салт жораларының негізінде ішінде тығыз да тұрақты қарым-қатынас жүретін қайсыбір корпорация ретіндегі, туыстық байланыс сезімдеріне негізделген аса маңызды əлеуметтік факторға айналады. Оның негізінде ру мен ұлт теңгерімі жатыр. Осылайша, қазақ əрқашан шағын рулық қауымдастыққа кіріккен күйде болады. Сондай-ақ бұл жүйе табысты қызмет еткен, дала төсіндегі жалпы тəртіпті ұстап тұрған, бірақ ол жетілмеген еді, өйткені жалпымемлекеттік міндеттерді шешу, мысалы, сырттан жасалған шабуылдарды тойтару үшін күштердің шоғырландырылуын қамтамасыз ету мүмкіндігін бермейтін. Қазақ халқының ру-тайпаларға бөлінуі, олардың шағын қауымдастыққа кірігуі бұл этностың айрықша белгісі, оның негізгі өзегі, руларды өзара байланыстыра-тын жəне қазақ қоғамы мен мемлекетін «төменнен» бастап құратын кристалдану орталығы болып табылады. Бұл жалпы нормадан ауытқыған құбылыс емес. Ол қолданыстағы саяси жүйенің ажырамас белгісі болып табылады, əлеуметтік-экономикалық даму мен саяси мəдениетке сəйкес келетін, өзіндік ерекшелігі де бар. Табиғи-климаттық жағдайлары мен географиялық орналасуына қарай ру-тайпаға бөліну қазір республиканың оңтүстік аймағында неғұрлым тұрақты сақталған. Əрине, мыңдаған жылдар бойы сынақтардан өткен, халықтың көп ғасырлық өмірлік тəжірибесімен шыңдалған, өндірісте, үлестіруде, діни əрекеттерде, басқаруда жəне т.б. анықтаушы рөл атқарған əлеуметтік-экономикалық байланыстар түрлері, өз идеологиясы бар ру-тайпа қатынастары тарих сахнасынан бірнеше жыл ішінде жəне тіпті екі-үш ұрпақ ауысқанда да жоғалып кете қойған жоқ. Бірақ сыртқы жəне ішкі фак-торлар əсерінен олар түрлерін өзгертті. Көшпенді қоғамның дəстүрлі құрылысына, сондай-ақ Қазақстанның Ресей империясына қосылуы əсер етті, Ресей империясы бүкіл ХІХ ғасыр бойы қазақ қоғамын басқаруды жеңілдете жəне оны жалпыресейлік заңдарға бейімдей алатын ұйымдастыру нысанын табуға əрекет жасады. Ұлттық сананы əрі қарай өзгерту ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында байқалды. Осы кезеңде ру-тайпа бірліктері функцияларының түбегейлі қысқаруы орын алды. Осылайша, қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның жүздер мен руларға бөлінуі алғашқы түп-тамырын сақтай отырып, саяси институт ретіндегі өзінің өзектілігін біртіндеп жоғалтуда, ол қоғамның саяси жай-күйіне, ең алдымен, жоғары билік тобына іріктеу үдерісіне қатты ықпал етпейді.

Keywords