Turkic Studies Journal (Sep 2023)

«Көк Тәңірі», «көк бөрі», «көк түрік» сөздерінің мифолингвистикалық сипаты

  • Zhansaya Pansat,
  • Gulnar Mamayeva,
  • Ercan Alkaya

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-3-146-160
Journal volume & issue
Vol. 5, no. 3

Abstract

Read online

Мақалада түркі халықтарына ортақ таным ретінде қалыптасқан «көк Тәңірі», «көк бөрі», «көк түрік» ұғымдарына байланысты туындаған мифтердегі «көк» сөзінің символдық мағыналары мифолингвистикалық талдау негізінде қарастырылды. Жалпы тіл білімінде тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастыру өзекті мәселелердің қатарында екендігі белгілі. Тілді рухани-мәдени код ретінде антропоөзектік парадигма тұрғысынан зерттеу тілдің ашылмаған жаңа қырларын тануға мүмкіндік береді. Сөздік қорымызда ерте кезден сақталып келе жатқан колоративті лексикаға жататын «көк» сөзі тіл дамуында тек қана түстік мағынаны ғана емес, әртүрлі мағыналарды да білдіреді. Түрік танымындағы дүниенің бастауы саналатын «көк» сөзі ежелден-ақ көк Тәңірі ретінде заттық мағынаға ие болған. Көне түріктердің танымында «көк» сөзі – көк аспанның белгісі. Осыған байланысты «Тәңірі», «көк», «аспан» ұғымдарын семантикалық парадигма ретінде қарастырамыз. «Тәңірі» мен «Көк» сөздері аспан мағынасындағы мәндес сөздер. «Күлтегін» және «Білге қаған» жырларында ежелгі түріктер өздерін «көк түріктер» деп атаған. Мұндағы «көк» сөзі космогониялық аспан мағынасын білдіреді. «Көк Тәңірі», «көк түрік» ұғымдары «аспан» сөзімен байланысты болса, «көк бөрі» ұғымындағы «көк» сөзі киелі, қадірлі, қасиетті, қуатты, батыл деген сипаттық мағыналарға ие. Зерттеу жұмысында «көк Тәңірі», «көк бөрі», «көк түрік» сөздеріне байланысты туындаған мифтерге талдау жасалып, ежелгі мифтердегі «көк» концептісінің семантикалық ерекшелігіне байланысты тұжырымдар айтылды.

Keywords