Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Apr 2022)

Қазақ және қытай тілдеріндегі «сәлемдесу» этикетінің лингвомәдени ерекшеліктері

  • A. Ibraimova

Journal volume & issue
Vol. 100, no. 1

Abstract

Read online

Мақалада автор қазақ және қытай дәстүріндегі ауызекі сөйлеу стиліндегі «сәлемдесу» этикетінің шығу тарихына, зерттелу деңгейіне тоқталған және сәлемдесу формаларының түрлерін, лингвомәдени ерекшеліктерін атап өткен. Мақалада қазақ және қытай ұлт өкілдерінің сәлемдесу барысында қолданылатын тілдік лексика, ишарат белгілерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары, «сәлемдесудің» түрлері мен қолдану аясы қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ және қытай салтындағы тілдік қарым-қатынас сол елде қалыптасқан ережелер мен принциптерге сүйеніп жүзеге асырылатындығы, қазақ, қытай тілдеріндегі тілдік этикет ерекшеліктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын танып білудің қажет екендігі атап өтілген. Әрбір халықтың қоғамда өзінің ұлттық деңгейіне және салт-дәстүр ерекшелігіне сәйкес сөйлеу нормалары бар. Сөйлеу әрекеті сұхбаттасушылардың жас ерекшеліктері мен қоршаған ортасына ғана емес, сол елде қалыптасқан дәстүрге сәйкес қолданылады. Мемлекетаралық байланыста сол елдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білмей, сөйлеу этикетін қолдану қиындық немесе наразылық туғызуы мүмкін. Мемлекет өкілдерімен байланыс орнатуда сол елде өмір сүріп жатқан халықтың сана-сезімін сезіну қажет. Сұхбаттасушының сөйлеу этикетін немесе тілдік әрекетін дұрыс қолдануы тілдік қарым-қатынаспен бірге адамдардың бір-біріне деген көзқарасы мен сыйластығы деңгейін айқын көрсетеді. Қазақ және қытай қоғамы ерте кезде қалыптасқан. Алайда, екі халықтың сөйлеу әрекеті көшпенді және отырықшы өмір сүру заңдылықтарына сүйенуі мен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты осы кезеңге дейін жеткізуі және әрі қарай жалғастыруы – зерттеу тақырыбымыздың негізі болып табылады.