Turkic Studies Journal (Dec 2023)

Ортағасырлық түпдеректер мен зерттеушілер еңбектеріндегі Моғолстанның алғашқы ханы

  • Sergazy Akhmetkul ,
  • Umirbaj Bekmaganbetov,
  • Kairat Battalov

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-7-17
Journal volume & issue
Vol. 5, no. 4

Abstract

Read online

Мақалада отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін талдау арқылы Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханына қатысты мәліметтер қарастырылады. Ұзақ жылдар бойы тарихшылар Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған Моғолстанның тұңғыш ханы Тоғылық Темір болғандығын дәйектеп келгенімен, XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген британ ғалымдарының еңбектерінде Моғолстанның алғашқы ханы туралы конвенционалды ұстаным жоққа шығарылады. В.В. Бартольд, К.А. Пищулина, В.П. Юдин, О.Ф. Акимушкин, О.К. Караев және басқа да зерттеушілер «Муизз ал-анcаб», «Зафар-наме», «Шаджарат ал-атрак» және т.б. еңбектерде ұсынылған мәліметтерге сәйкес Тоғылық Темір ханның Моғолстанның бірінші ханы болғандығын негіздесе, британ ғалымдары У. Эрскин, Э. Оливер және Н. Элиас Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и-Рашиди» еңбегі мен Әбілғазының «Түрік шежіресіне» сүйене отырып, Шағатай ұлысының ханы болған Есенбұғаны Моғолстан мемлекетінің негізін қалаушы ретінде ұсынады. Түпдеректерде Есенбұға хан өмірінің соңғы жылдарына қатысты мәліметтердің болмауы әрі өлген уақытының жазылмауы, сонымен қатар «Тарих-и-Рашиди» мен «Түрік шежіресі» авторлары мәліметтерінің салыстырмалы түрдегі айқындылығы Есенбұға ханның Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы ретінде қарастырылуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қоса, бұл дәйектер В.В. Бартольд, О.Ф. Акимушкин және т.б. Мұхаммед Хайдар мен Әбілғазы Баһадүр ханның Есенбұға туралы деректерінің хронологиялық тұрғыдан мүмкін емес деген пікірлерін сынға алады. Ғылыми мақаланы жазу барысында жоғарыда аталған түпдеректердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалары пайдаланылды.

Keywords