Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Sep 2021)

Диграфтың түркі жазуларына жарамсыздығы (Қазақ, өзбек және араб графикалы ескі түрік жазулары негізінде)

  • K. Kydyrbayev,
  • Sh.B. Kozhabekova

Journal volume & issue
Vol. 98, no. 3

Abstract

Read online

Бекітілген әліпби көпшілік тарапынан үлкен сынға ұшырап, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев Мәдениет және спорт министрлігіне жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма бергеннен кейін, бірнеше автордың жобалары талқылаудан өтті. Жоба ұсынушылар арасында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қазақ тілі дыбыстарын пернетақтаның 26 түймесіне сыйдырғысы келгендер болды. Солардың кейбірі қазақ тіліне тән дыбыстар мен ортақ және кірме дыбыстарды диграф, триграфтар арқылы бергісі келсе, енді біреулері тіліміздің үндестік заңын алға тартып, А.Байтұрсынұлының дәйекше заңдылығын негізге алғылары келді. Бұл мақаламызда ұсынылған жобалардан мысалдар келтіре отырып, қазақ жазуына диграфтарды қолдану жарамсыз екенін дәлелдейтін боламыз.