Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)
Халықаралық ақпарат көздерінің Араб әлемінің бүгінгі болмысына қатысты әртүрлі көзқарастары
Abstract
Бұл мақалада жалпы геосаяси, мәдени және діни кеңістікті құрайтын Солтүстік Африка және Батыс Азия территориясында орналасқан Араб әлемі елдерінің халықаралық ақпарат көздеріндегі бүгінгі болмысы қарастырылады. Араб әлемі соңғы жылдары бірнеше оқиғаларды бастан өткерді. Таяу Шығыс Йеменнен Бахрейнге дейін және Ливиядан Тунис пен Мароккоға дейінгі революцияға кез болып отырды. Араб елдеріндегі саяси оқиғалар ХХІ ғасырда халықаралық қатынастарға тікелей ықпал етуші мәселелерге айналып отыр және халықаралық ақпарат көздерінде де маңызды тақырыптардың бірі. «Араб көктемі» деп танылған саяси оқиғаларды халықаралық ақпарат көздерімен сараптау қажеттілігі мақаланың өзектілігін айқындайды. Халықаралық БАҚ араб әлемінің бүгінгі болмысын сипаттауда және араб халықтарының хақты талап еткен үнін жеткізуде шешуші рөл атқарудағы көріністері мақаланың пәні болып табылады