Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)

Қазақстан экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды зерттеуге әдістемелік тәсілдемелер

  • Z. К. Chulanova,
  • Zh. S. Alimbetova

Journal volume & issue
Vol. 73, no. 1

Abstract

Read online

Экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды ұйымдастыру экспорт жағынан не себептен жекелеген экономикалар мен салалар табысты екенін түсіндіретін әдістемелік тәсілдемелерді талап етеді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның экономикасының дамуы әлемдік экономиканың қиын жағдайы шартында болып жатыр. Мүше мемлекеттер экономикасының энергия тасымалдаушылар әлемдік нарығының баға конъюнктуасына тәуелділігі оларды әлемдік геосаяси жағдайлардан әлсіздігін көрсетеді. Әлемдік экономиканың жаһандану шартында Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне тиімді және ауқымды қатысуының өсуі мен сыртқы сауданың сандық және сапалық өсуінің анықтаушы бағыты экспорттық әлеуеттің әртараптығы болуы керек. Мақалада ұлттық экономикалардың экспорттық бәсекеге қабілеттілігін бағалауға әдістемелік тәсілдемелер қарастырылған және соған негізделіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін даму ұсыныстары көрсетілген.

Keywords