Turkic Studies Journal (Jun 2024)

Көшпелі қазақ қоғамындағы әдеттік-құқықтық қатынас пен іс-тәжірибенің антропологиясы (XVIII-XIX ғ. 60-жылдары)

  • Nursan Alimbay

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-2-23-56
Journal volume & issue
Vol. 6, no. 2

Abstract

Read online

Мақалада дәстүрлі қазақы ортада шамамен XIX ғ. 60-жылдарының аяғына дейін сақталған ежелгі әдеттік-құқықтық ұстанымдар мен институттар, соның ішінде сот ісін жүргізудің дәстүрлі тәртібі мен реті зерттеледі. Ресей империясы әкімшілік құрылымының отарлық реформаларының нәтижесінде осы уақыттан кейін қазақ социумының ежелгі әкімшілік-билік жүйесі, соның ішінде әдеттік құқықтық ұстанымдар мен институттар іс жүзінде «жұтылып» кетті. Шамамен аталмыш ғасырдың 60-жылдарының соңынан бастап және одан әрі Ресей әкімшілігі тарапынан «қолдан жасалған» «жаңа билердің» билігі және империяның отарлау идеологиясы мен іс-тәжірибесінің тегеурінді ықпалымен «жетілдірілген» әдеттік құқықтың нормалар зерттеуде қарастырылмайды. Мақалада жүгініс және билер кеңесі сынды қазақтың дәстүрлі сот жүйесінің ұйымдық формалары және осы институттардың әрқайсысы арқылы сот үрдісінің ұйымдастырылуы мен жүргізілу барысы зерттеледі. Әрбір дәстүрлі сот ісін ұйымдастыру мен жүргізу үрдісі көрнекті билердің іс-тәжірибесіне сүйенеді. Мұндай билердің сан ұрпақтары арқылы жеткен бұл іс-тәжірибенің көшпелі қоғамының тіршілігіндегі орны мен рөлі өлшеусіз болды. Бидің билігі барысында функциясы ұдайы «іске қосылып» отыратын «билік жүргізу», «би», «төбе би», «ара би», «айыпкер», «даугер», «қамшы тастау», «жасауыл», «куәгер», «айғақ», «жан беру», «жанға ұстанған», «кепілдікке жүру», «салауат айту» және осы сынды тағы басқа да субъектілер мен құқықтық категориялар және әдіс-тәсілдерді осы үрдістің құқықтық кеңістігінің жүйелілігін қамтамасыз ететін институционалдық тораптар ретінде қарастыруға болады. Олардың арасындағы функционалдық байланыстар әдеттік-құқықтық катынастарының мәдени антропологиялық болмысын білдіреді.

Keywords