Алматы технологиялық университетінің хабаршысы (Sep 2022)

ІІ КАТЕГОРИЯЛЫ СУБӨНІМДЕРДЕН АҚУЫЗ ГИДРОЛИЗАТЫН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

Journal volume & issue
Vol. 0, no. 3

Abstract

Read online

Мақалада зерттеу объектісі – малды сою кезіндегі қалатын екіншілік шикізат ІІ категориялы субөнімдер. Олар ақуыздың таптырмас көзі және гидролизаттарын алуға қажетті басқа да бірқатар қасиеттерге ие. Сонымен қатар, мұндай екіншілік шикізатты пайдалану перспективалы болып көрінеді, өйткені бұл жағдайда, бір жағынан, аз қалдықты технологияларды жасау үшін алғышарттар жасалады, ал екінші жағынан, қоректік заттардың оңтайлы қатынасында комбинирленген өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижелері ІІ категориялы субөнімдердің құрамында глициннің, аланиннің, глутамин қышқылының, сериннің, сондай-ақ пролиннің жоғары мөлшерін көрсетеді, яғни бұл негізінен коллагеннің құрамында кездесетін амин қышқылдар.Коллаген гидролизаты сирақтарды ферментативті гидролиздеу арқылы алынды. Компоненттерді дайындаудың ерекшеліктерін ескере отырып, ақуызды гидролизат алудың технологиялық сұлбасы ұсынылды.

Keywords