Хабаршы. Заң сериясы (Mar 2020)

САЙЛАУДЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

  • Г.Б. Мейірбекова,
  • А.Ж. Жарболова,
  • А.Ж. Тусупова

DOI
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.04
Journal volume & issue
Vol. 93, no. 1
pp. 34 – 43

Abstract

Read online

ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықтырады, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылады, халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Сайлау – Республика халқының мемлекеттік билікті тікелей жүзеге асыруының бір нысаны, мемлекеттің демократиялық сипатын байқататын саяси жүйенің орталық элементі. Ол республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық өкілді билік органдарының, муниципалдық органдардың, мемлекет басшысы мен біраз демократиялық мемлекеттерде жергілікті атқарушы билік басшысының қызмет етуінің негізі болып табылады. Сайлау азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне араласуына, мемлекет істерін басқаруға қатысуына мүмкіндік беретін демократияның ең бір ықпалды нысаны ретінде танылады. Мақала сайлаудың демократиялық мемлекет өмірінде алатын орнын анықтап, рөлін ашуға арналған. Тиісті міндетті орындау үшін мақалада сайлаудың демократиялық режимдегі мемлекеттердегі маңызы ашылып, оның әрекет етуші тұтастай мемлекеттік биліктің легитимділігін қамтамасыз ету рөлі, сайлаулардың функциялары қарастырылды. Сонымен қоса, сайлау институтының мемлекеттің саяси жүйесінде өзінің тағайымына толық сай келуі үшін мақалада сайлау құқықтарының іске асуының, бұзылмауының кепілдіктері қарастырылып, оларды жетілдіру қажеттігі негізделді.

Keywords