Turkic Studies Journal (Mar 2024)

Әбут-Түрк нефесі немесе Түркістан Үні

  • Uzok Zhurakulov,
  • Маktagul Orazbek

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-1-135-146
Journal volume & issue
Vol. 6, no. 1

Abstract

Read online

Мақала өзбектің белгілі ақыны Рауф Парфи Өзтүрік поэзиясындағы тарихи тұлға мен тарихи тақырып мәселесін зерттеуге арналған. Зерттеу нысанына ақынның «Анамның тілі», «Әкемді еске алу», «Науаи», «Бір сөзім бар», «Ирак шөлі», «Көне түріктер», «Дилоромның көзі» сияқты өлеңдері алынды. Рауф Парфи поэзиясындағы тарихи оқиғалар мәдени, әдеби, тарихи дереккөздермен салыстырыла зерттелді. Түркі халықтары әдебиетінің тарихында Рауф Парфи тәрізді көреген ақынның адамзаттық ойларының Әзіреті Әлішер Науаи шығармаларымен үндестігі, олардың шығармаларынанмысал келтіре отырып, салыстыра талдау жасалады. Сондай-ақ мақалада Рауф Парфи мен Әлішер Науаи шығармаларындағы әлі зерттеле қоймаған жұмбақ,тылсым сырлардың мәні қасиетті Құран Кәрім сүрелеріндегі адал ақын мен жалған ақын турасындағы аяттарды талдау негізінде анықталды. Рауф Парфи өмір сүрген кезеңде Түркістандық ақындар ұстараның жүзінде, «айдаһардыңаузында» тұрған заманда, яғни, ХХ ғасырда Совет Одағы құрамындағы түркі тілдес халықтардың тілі мен әдебиеті, түркілердің тарихы, түрік тілі туралы батыл жырлағанын ақынның өлеңдерінен мысал келтіре отырып талдап, зерттеген. ХХ ғасыр басындағы қуғын-сүргінге түскен Түркістан аймағы ақындарының тағдырын шығармаларына өзек еткен Рауф Парфидің поэзиясы түркі әдебиетінде ерекше орын алатынына жете мән берген. Рауф Парфидің шығармашылығы мен өлеңдеріндегі ақынның идеясы, авторлық позициясы, көркемдік-поэтикалық, тілдік-стильдік ерекшелігі жан-жақты талданды.

Keywords