Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (May 2016)

Халықаралық валюталық қордың жаһандық реттеу жүйесіндегі рөлі

  • А. О. Ongdash,
  • Е. К. Myrzataev

Journal volume & issue
Vol. 73, no. 1

Abstract

Read online

Мақалада жаһандық реттеу жүйесіндегі Халықаралық Валюталық Қордың рөлінің өзгерісі қарастырылады. Халықаралық қауымдастық жаһандық институттарды реформалау қажеттігін мойындап, жаңа қауіп-қатерлер алдында халықаралық ынтымақтастықты нығайту керектігіне көз жеткізді. Бреттон-Вудс конференциясынан бері жаһандық экономикада түрлі сипаттағы дағдарыстар болып өтті, және оларды реттеудегі Халықаралық Валюталық Қордың қызметі тиімді бола бермеді. Ұйымның жүргізген саясаты үнемі сынға ұшырап, жасаған шаралары несиеленуші мемлекеттердің экономикалық мәселелерін керісінше күрделендіріп, халықаралық аренада Қорға деген сенімділік төмендеп отырды. ХХІ ғасырда әлемдік экономиканың жаңа қауіп-қатерлері G20 тобы, Қаржылық Тұрақтылық Кеңесінің құрылуына себеп болды. Авторлар қаржылық реттеу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапты халықаралық ұйымдардың қызметі күшейтілген жағдайында жаңа қауіп-қатерлерді еңсеруде Қордың жаһандық реттеу жүйесіндегі жаңа рөлін анықтауға тырысады.

Keywords