Turkic Studies Journal (Jun 2022)

Сары ұйғыр тіліндегі мақал-мәтелдер

  • Магрипа Ескеева

Journal volume & issue
Vol. 4, no. 2

Abstract

Read online

Өзіндік қалыптасу жолы бар қазіргі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдер жалпытүркілік паремиологиялық жүйемен тығыз байланыста дамиды, бұл жалпытүркілік тілдік жүйенің ішкі ыдырау үдерістерінің бағыттарын айқындайды. Белгілі бір тілдің зерттеу нәтижелері келесі бір түркі тіліндегі қайшылықты проблемалардың шешімін табуға, теориялық пайымдауларды толықтыра түсуге, жалпытүркілік дүниетанымның ерекшеліктерін анықтауға ықпал етеді. Қарқынды ассимиляциялық үдерістегі түркі тектес сары ұйғыр тілінде сақталған аздаған мақал-мәтелдер де этнос дүниетанымының ерекшеліктерімен қатар жалпытүркілік дүниетанымның қырларын аша түсуге, жалпы түркі тілдері паремиологиялық жүйесінің даму жолының ерекшеліктерін нақтылауға септігін тигізеді. Мақалада функционалдық қолданыс аясы тарылған сары ұйғыр тіліндегі мақал-мәтелдердің мағынасы мен қолданыс ерекшеліктері халықтың тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі аясында, рухани-мәдени құндылықтар тұрғысында қарастырылады. Біртұтас паремиологиялық мағынаның ситуациялық қолданысындағы өзгерістерге мақал-мәтелдер құрамындағы доминант лексемалардың семантикалық аясы да ықпал ететіні айқындалады. Тәңірлік сенімді, әлеуметтік қатынастарды, отбасылық және адамгершілік құндылықтарды сипаттайтын сары ұйғыр мақал-мәтелдерінің этномәдени мазмұны ашылады. Сары ұйғыр мақал-мәтелдері құрамындағы тірек лексемалар қазақ тіліндегі нұсқаларымен салыстырылып, тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері мен ортақтықтары ажыратылады. Сары ұйғыр және қазақ мақал-мәтелдері салыстырыла талданып, паремиялар мазмұнындағы жалпытүркілік ортақтықтар мен әр халықтың даралығын сипаттайтын ерекшеліктер көрсетіледі. Зерттеу материалдарына Қытай Халық Республикасы Сунань аймағындағы сары ұйғырлар мекеніне ұйымдастырылған екі далалық экспедиция (07.2012; 09.2012) материалдары пайдаланылды.

Keywords