Turkic Studies Journal (Mar 2023)

Тоғызқұмалақ ойыны: шығу тарихы, дамуы және қазіргі замандағы жай-күйі

  • Sayalbek Gizzatov

DOI
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-78-97
Journal volume & issue
Vol. 5, no. 1

Abstract

Read online

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы түрлі қиындықтарды басынан өткергендігіне қарамастан, өз мәдениетін дамытуға көп көңіл бөлді. Ата-бабаларымыз әсіресе терең логикалық ойлауды, тапқырлықты талап ететін интеллектуалдық ойындарды дамытуға басымдық жасады. Солардың бірі – «көшпелілер алгебрасы» саналатын тоғызқұмалақ ойыны. Ұлттық ойынның дамуы мен таралуына әр тарихи кезеңнің өзіндік әсері болды. Әсіресе еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі тоғызқұмалақ ойынының әлемдік деңгейде таралуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде тез есептеуге, стратегиялық ойлауға негізделген ұлттық ойын 2020 жылы халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативтік тізіміне енді. Сондықтан ұсынылып отырған мақалада қазақ халқының ұлттық интеллектуалдық ойыны тоғызқұмалақтың шығу тарихы мен әр түрлі кезеңдердегі даму барысы қарастырылады. Ұлттық ойын бойынша алғашқы чемпионаттың ұйымдастырылуы, республикалық және халықаралық деңгейдегі Тоғыз-құмалақ Федерацияларының құрылуы, тұңғыш спорт шеберлерінің шығуы туралы маңызды деректер беріледі. Ғылыми жұмыста тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі, жалпы құндылығы, маңыздылығы сипатталады. Сонымен қатар ұлттық ойынның қазіргі замандағы жай-күйі, халықаралық деңгейде насихатталуы да жан-жақты зерделенеді.

Keywords