Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті хабаршы шығыстану сериясы (Sep 2022)
Орта ғасырлық қыпшақ-араб сөздіктерінің зерттелуі
Abstract
Әлем архивтері мен кітапханаларында қазақ халқына қатысты қолжазба ескерткіштер сақтаулы тұрғаны белгілі. Ондай ескерткіштердің дені Еуропа, Ресей шығыстанушылары мен өзге де шетелдік және отандық шығыстанушы-түркологтар тарапынан зерттелгені мәлім. Сондай қолжазба ескерткіштердің бірі қыпшақ тобына жататын тілдердің, соның ішінде қазақ тілінің тарихи фонетикасы, лексикасы, морфологиясынан хабар беретін құнды жәдігерлердің бірі ХІІІ-XIV ғғ. Мысырдағы мәмлүк қыпшақтары тарапынан жазылған «Тәржүман ...» еңбегі. Бұл еңбек арабтілділерге қыпшақ тілін үйрету мақсатында жазылған қыпшақ-араб сөздігі. Еңбекті зерттеген және аударған ғалымдардың жұмыстарын салыстыра қарағанымызда, кейбір қыпшақ сөздерінің транскрипциясы мен мағыналарында бірізділіктің жоқтығы байқалды. Біз бұл мақалада осы уақытқа дейін «Тәржүман ...» еңбегіне жасалған зерттеу жұмыстары мен аудармалардағы қыпшақ сөздерін өзара салыстырамыз. Түпнұсқада берілген араб тіліндегі түсіндірмелерін зерттеу арқылы мағынасын ашып, зерттеу жұмыстары мен аудармалардағы қыпшақ сөздеріне түрлі мағына берілу себептерін анықтаймыз. Сонымен қатар әртүрлі беріліп жүрген қыпшақ сөздерінің транскрипциялары мен мағыналары бірегейленеді. Қолжазбадағы арабша түсіндірмелерін зерттеу арқылы қазақ тіліндегі түркілік баламасы ұмытылған кей арабизмдердің түркілік төркіні анықталады. Кілт сөздер. «Тәржүман...», қыпшақ тілі, араб тілі, қыпшақ-араб сөздігі