Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Apr 2016)

Қытайдың əлемдік тəртіпке көзқарасы мен дəріптемесі

  • Н. Mukhametkhanuly

Journal volume & issue
Vol. 62, no. 2

Abstract

Read online

Жалпы адамзат əлемі көптеген мемлекеттерден құралып, белгілі бір байланыс тəртібі бойынша өзара қатынаста болып келеді. Бірақ əлемдегі мемлекеттердің алуан түрлі болуы, яғни үлкен-кіші, күшті-əлсіз болуы- на байланысты олардың арасындағы қатынастардың сипаты да əртүрі формада бейнеленеді. Əлемдегі мемле- кеттер мен халықтардың бəрінде бірдей өмір сүру жəне даму құқығы бар. Алайда тарихтан қалыптасып қалған əлемдік тəртіп дүниежүзіндегі мемлекеттер мен халықтардың бəріне бірдей өмір сүруі мен дамуына тиімді бо- лып отырған жоқ, бұл қазіргі қоғамдық тəжірибеден анық байқалып отырған құбылыс. Бұл құбылыстың басты себебін Қытай: ХVІІ ғасырда “The Treaties of Westphalia” шарты бойынша қалыптасқан халықаралық саяси тəртіп, тек Еуропадағы «христиан өркениетіндегі мемлекеттерге» бағытталған. Сондықтан ең алғаш тəртіптің өзі əділетті емес; 1945 жылы өмірге келген «БҰҰ-ның Хартиясында» белгіленген суберенді мемлекеттердің 9 принципі, 40 жылдан аса жалғасқан Қырғиқабақ соғысының салдарынан атқарылған жоқ. Енді Қытай ұсынып отырған дипломатиялық бес принцип негізінде халықаралық саяси, экономикалық, мəдени жəне қауіпсіздік жаңа тəртібін орнату керек деп санайды.

Keywords