Хабаршы. Заң сериясы (Jun 2021)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТУРАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

  • М.Н. Умбетов,
  • Е.Т. Нурмаганбет

DOI
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2021.v98.i2.06
Journal volume & issue
Vol. 98, no. 2
pp. 60 – 72

Abstract

Read online

Бүгінгі таңда адам құқықтарын қорғау құралдарын жетілдіру құқықтық мемлекетті қалыптастырудың жалпы процесінің ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамның жетілу дәрежесін анықтаудың міндетті шарты саналады. Сондықтан адвокатураның табиғатын, оның түрлерін, ұйымдастыру формаларын, қызмет бағыттарын, басқа әлеуметтік құрылымдармен қарым-қатынасын түсіну және оның өмір сүруін құқықтық реттеу адвокатура туралы ғылыми зерттеулердің мәні болып табылады. Мақала тақырыбының өзектілігі қазіргі демократиялық мемлекеттердің ішкі дамуы үрдістері және динамикасымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету тетігіндегі адвокатура қызметінің тиімділігін жан-жақты кешенді теориялық-құқықтық зерделеу, адвокатураның мемлекеттік билік органдарымен, азаматтық қоғаммен жаңа өзара қарым-қатынасының тұжырымдамалық моделін құру, оның әділ сот ісін жүргізудегі рөлі мен маңызын белгілеу қажеттілігімен расталады. Мaқaлaдa Қaзaқcтaн Pecпубликacының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» зaңы бoйынша адвокатураның ұйымдастырушылық құрылымы қарастырылған. ҚР адвокатура қызметі адвокаттар алқасында құрылатын заң консультациясында немесе заңды тұлғаны тіркеместен жеке-дара қызметін жүзеге асыратын адвокаттар, сондай-ақ өзі дербес яки басқа адвокаттармен бірлесіп, адвокаттық кеңсе құру арқылы ұйымдастырылады. Мақалада аталған нысандардың ұйымдастырылу ерекшеліктеріне көңіл бөлінген, сонымен қатар республикалық деңгейдегі адвокатура қызметін басқарушы орган республикалық адвокаттар алқасының қызмет ерекшеліктері қарастырылған. Жұмыста шетелдің озық тәжірибелері мен Халықаралық адвокаттық одақ қызметі де қамтылған.

Keywords