Halyk̦aralyk̦ k̦atynastar ža̋ne halyk̦aralyk̦ k̦u̇k̦yk̦ seriâsì (Jun 2016)

Қытайдың сыртқы саяси тұжырымдамасының қалыптасуы кезеңдері мен дамуы

  • N. Mukamethanuly,
  • B. А. Sabdenaliyev

Journal volume & issue
Vol. 66, no. 2

Abstract

Read online

Қытай экономикалық даму қарқыны, халық саны және тағы бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Дегенімен, мемлекетте дамушы елдерге тән бірқатар кешенді мәселелер шешімін таппаған. Сондықтан, Қытай Халық Республикасы басшылығын көзқарасына сәйкес, кез келген жаһандық қатерлер ең өзекті болып табылады. Оларға байланысты шешімдер қабылдау, бір жағынан мемлекеттің әлемдегі үстемдігін арттыру тәсілі деп қарастырылса, екінші жағынан өсімнің жоғары қарқынын қолдауға мүмкіндік беретін ішкі даму құралы ретінде қаралады. Қытайдың сыртқы саясаты көптеген ғалымдар мен сарапшылардың зерттеу нысаны болып табылады. Оның қазіргі бағыттары 1980 жылдардан бастап Қытай Халық Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамаларының дамуымен тікелей байланысты. Сондай-ақ, Қытай басшыларының жүргізген сыртқы саясатының эволюциялық дамуы мен Ху Цзинтаоның «гармониялды әлем құру» идеясы да сараланған. Аталған көріністерді сипаттау ҚХР болашақ сыртқы саясатын болжау үшін өте маңызды болып табылады. Мақала ресейлік, қазақстандық және қытайлық деректерге негізделген.

Keywords